«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ново-Мариновка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ново-Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астана

Астана

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы, әкімшілік-саяси орталығы.

Қала елдің солтүстік бөлігінде орналасқан. Астана қаласының даму перспективаларын ескере отырып, табиғи аумақтарды қарқынды игеруге жағдай жасау үшін Үкімет қаулысымен оның шекарасына Ақмола облысының Аршалы, Шортанды, Целиноград аудандарына қарасты жерлерінің бір бөлігі, сондай-ақ Астана су қоймасы кіретін қала маңындағы аумағы қосылды.

Еуразия құрлығының орталығында, тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстан астанасы ыңғайлы көлік, коммуникация және логистика орталығына айналды.

Қаланың жалпы ауданы – 797 шаршы шақырым. Бес әкімшілік бөлікке, яғни Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарыарқа аудандарына бөлінген.

2017 жылғы маусымда шаһардың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Халық өсімі жағынан республика бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Елорда экономикасы қарқынды дамып келеді. Мәселен, 2022 жылы Астана қаласының жалпы өңірлік өнімі 10,6 триллион теңгеге жетті. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1997 жылғы 87,5 мың теңгеден 2022 жылы 8 миллион теңгеге дейін өсті.

Қалада өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі басым. 1998 жылы осы саладағы кәсіпорындардың үлесі 46,5 пайыз болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 90 пайыздан асты.

1997 жылдан бастап астананың экономикасына 15,4 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 1997 жылы 124,4 мың шаршы метр болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 3 миллион шаршы метрді құрады.

Бүгінде Астана кәсіпкерлер қаласына айналды. Елордада 227 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді. Қаланың әрбір үшінші тұрғыны шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді.

 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:24
Құрылған күні: 09.09.2024 10:39

Текст