Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы.
|
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама);
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
Қ.Тоқаев |
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
1-бөлім. |
Тұжырымдаманың паспорты |
2-бөлім. |
Ағымдағы ахуалды талдау |
3-бөлім. |
Халықаралық тәжірибені шолу |
4-бөлім. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы |
5-бөлім. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері |
6-бөлім. |
Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер |
7-бөлім.. |
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (қосымша) |
1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты
Атауы |
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
Әзірлеу үшін негіз |
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы (Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағы) |
Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) |
Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар |
мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері |
Іске асыру мерзімдері |
2022-2026 жылдар |
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
2.1. Қол жеткізілген нәтижелер
Мемлекеттік қызметтегі алдын алу шаралары
Соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын барынша азайту
Сот процестері онлайн-режимге ауыстырылды. Істерді автоматты бөлу алгоритмінде айла-шарғы жасау мүмкіндігі жойылды.
Заң үстемдігі қағидатын сөзсіз қолдану мақсатында, халықаралық бизнестің азаматтық және коммерциялық дауларын жедел шешу үшін ерекше құқықтық режим шеңберінде жұмыс істейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығының Тәуелсіз соты құрылды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау кепілдіктерін күшейтуге, жазалаудың бұлтартпастығына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілуде.
Пенитенциарлық мекемелерде және полицияның қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде жаппай бейне-байқау енгізілуде.
Күнделікті практикада сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, әкімшілік іс жүргізудің, тексеру субъектілері мен объектілерін есепке алудың электрондық жүйелері, сондай-ақ "Qamqor" ақпараттық сервисі қолданылады.
Құқық бұзушылардың лауазымды адамдармен тікелей байланысын болдырмайтын "Сергек" жол жүрісін бейне-бақылау практикасын кеңейту құқық қорғау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін цифрландыруды пайдаланудың жарқын мысалы болып табылады.
Құқық қорғау жүйесіне мемлекеттік қызметте қолданылатын рекрутинг стандарттарын енгізу іріктеудің айқындылығын және тиісінше, кадрлардың сапасы мен "тазалығын" қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілігін күшейтумен қатар, олардың жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ жекелеген санаттарға тұрғын үйді жалға алу және сатып алу шығындарын өтеу көзделген.
Қоғамдық бақылауды кеңейту, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұтас қатары әрекет ететін қоғамдық бақылау күшейтілді.
Ұлттық алдын алу тетігі, қоғамдық байқаушы комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық қоғамды шешімдер қабылдау процестеріне тарту үшін тиімді институционалдық-құқықтық негіз қалыптастырылды.
"Қоғамдық кеңестер туралы" Заңға өзгерістер енгізу арқылы қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі кеңейтілді.
Қоғамдық бақылауды енгізу процесінде саяси партиялар маңызды рөл атқарады. "Nur Otan" партиясы 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қабылдады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар бастамалар "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарлама шеңберінде іске асырылуда.
Жұртшылық өкілдерінен құрылған арнаулы мониторингтік топ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын бағалауды қамтамасыз етті.
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңда қоғам алдында есеп беретін және транспарентті мемлекетті қалыптастыру үшін негіздер қаланды.
"Ашық үкімет" электрондық платформасында ашық деректердің бес порталы құрылды: "Ашық бюджеттер", "Ашық НҚА", "Ашық деректер", "Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау", "Ашық диалог".
Бұл ресурстар азаматтардың бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуына, статистикалық ақпарат алуына және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына проблемалық мәселелермен жүгінуіне мүмкіндік береді.
"e-Өтініш" арнаулы сервисін енгізу арқылы азаматтардың жолданымдарымен жұмысты қайта іске қосу жүзеге асырылды, ол шағымдарды ыңғайлы және жылдам беруге, олардың қаралуын онлайн-режимде қадағалауға мүмкіндік береді.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануына орай жария-құқықтық дауларды қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері енгізілді, сондай-ақ билік органдарының шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу кепілдіктері күшейтілді.
Жұртшылық қатарынан 150 тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, 11,2 мың нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді, бұл 30 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік берді.
Өңірлік мәні бар маңызды мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуына негізделген жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді моделі дамытылуда.
Астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындарына аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жобаларға бастамашылық етуге мүмкіндік беретін "халық қатысатын бюджет" енгізілді.
Бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыру арқылы ауыл халқының бюджет қаражатының не үшін жұмсалатынын дербес анықтау мүмкіндігі бар.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау енгізілді.
"Адалдық алаңы" жобасының ауқымы ел бойынша кеңейтілді, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл арналарын құруға мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, парасаттылық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілікті" ілгерілету
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар: оқушылар, студенттер, оқытушылар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және басқалар тартылған.
Бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" элективті пәнімен толықтырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары стандарттары бар қазақстандық бірқатар жоғары оқу орындары Академиялық адалдық лигасына бірікті.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді. Енді сыйақылар бұрынғыдай белгіленген мөлшерде емес, параның немесе келтірілген залалдың мөлшеріне қарай төленеді. Ең жоғары төлем төрт мың айлық есептік көрсеткішті құрауы мүмкін.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданды. "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қорының "2020 жылы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі" атты зерттеуінің деректері бойынша қазақстандықтардың 60%-ы сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Бизнес-процестерді автоматтандыру
Жаңа технологияларды қолдану мемлекеттік органдардың клиентке бағдарлануының басым міндетін көрсете отырып, азаматтарға электрондық және мобильдік форматтарда қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан "электрондық үкіметтің" даму деңгейі бойынша рейтингте БҰҰ-ға мүше 193 елдің арасында – 29-орынды (2018 ж. – 39), ТМД елдері арасында – 1-орынды, Азия елдері арасында 6-орынды иеленді.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі кешенді және дәйекті жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның позициясы жақсарды.
Трансформациялық процестер көптеген әлеуметтік-сезімтал салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға ықпал етті.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлықтың басқа да алғышарттарын азайтуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері мен қағидалары бірыңғай құжатқа жинақталды. Халыққа және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтер "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілуде, проактивті қызметтер дамытылуда.
2020 жылы электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі – 90%, көрсетілетін қызметті алушылардың олардың сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 75,1% болды (2018 ж. – 72,4%, 2019 ж. – 74,8%).
Квазимемлекеттік және жекеше секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құру заңнамалық тұрғыдан бекітілді.
"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заң қабылданды, ол "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қорының, өзге де ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес ұйымдарының сатып алуын біріздендірді.
Камералдық бақылаумен сатып алудың электрондық тетігі, жосықсыз қатысушылар тізілімі енгізілді, конкурстан тыс рәсімдер үшін талаптар жоғарылатылды.
2021 жылдан бастап есеп беруді күшейту мақсатында квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құрылуда.
Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әлеуетті субъектілерінің ауқымы кеңейтілді. Оларға сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты адамдар жатқызылды.
Бизнес-қоғамдастық Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі хартиясын қабылдады, ол отандық бизнесті озық халықаралық тәжірибеге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қосымша тетіктерін енгізуге шақырады.
Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойына тыйым салу қолданылады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкциялар қатаңдатылды.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандарға мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігі алып тасталды. Парақорлық үшін жазаны бірден қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеуге тыйым салынды.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілігі институты енгізілді. Ол енгізілген сәттен бастап 8 саяси қызметшінің отставкасы қабылданып, 13 саяси қызметші, басшылық деңгейдегі 98 мемлекеттік әкімшілік қызметші, күштік блоктың 109 басшысы және квазимемлекеттік сектордың 21 топ-менеджері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, 2018-2020 жылдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін 3 мыңнан астам адам сотталды, олардың ішінде 1 министр, 3 вице-министр, 8 облыс әкімі және олардың орынбасарлары, 31 қала, аудан әкімі және олардың орынбасарлары, ұлттық компаниялардың 8 басшысы бар.
Халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа және кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі халықаралық конвенцияларға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарына (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) желісі шеңберінде) қосылды және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кірді.
Халықаралық ұйымдармен және шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдармен сындарлы өзара іс-қимыл жолға қойылды.
2019 жылы ЭЫДҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің пленарлық отырысында мониторингтік топ Ыстамбұл жоспарының 4-раунды ұсынымдарының орындалуы туралы Қазақстанның аралық есебіне оң баға берді (29 ұсынымның 20-сы бойынша ілгерілеушілік байқалды).
Қабылданған шаралар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін одан әрі жоюдың берік іргетасын қалады, бұл 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Transparency International Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде алғаш рет 38 балл (екі жылда +7 балл) жинап, 180 елдің арасында 94-орынға (екі жылда +30 позиция) ауысуына мүмкіндік берді.
2.2. Орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін түйінді проблемалар
"Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық
Азаматтар мен кәсіпкерлердің күнделікті өмірде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауына байланысты "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық іс жүзінде көптеген салаларда сақталып отыр.
"Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қоры жүргізген "2020 жылғы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі" әлеуметтанушылық зерттеуінің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан сезімтал органдар мен мекемелердің тізбесі жылдан-жылға іс жүзінде өзгермейді: мемлекеттік емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармалары, ХҚКО-лар, мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары.
Соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыскерлік құрылымының едәуір бөлігін – 50%-дан астамын парақорлық фактілері алып отыр.
Негізгі себептер қатарында: сақталып отырған әкімшілік кедергілер, екіұдай мағыналы және дискрециялық нормалар, мемлекеттік органдардың жеткіліксіз ашықтығы, баламалы (қағаз) негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесінің жоғары болуы бар.
Нақты жағдайларға, өңірлік, салалық және өзге де ерекшеліктерге сүйене отырып, әртүрлі әлеуметтік топтарға олардың құқықтарын, міндеттері мен рәсімдерін қолжетімді және түсінікті етіп түсіндіру стандарттары болмай отыр.
Мұның өзі мемлекеттік басқарудың бизнес-процестерін автоматтандырудағы кемшіліктер мен олқылықтарға да байланысты.
Цифрлық шешімдердің бір бөлігінің сапасыз және жартылай іске асырылуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауда. Көбінесе лауазымды адамдар "жалған" цифрландыруды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасауды жалғастыруда, ал азаматтар мен кәсіпкерлер "цифрландырылған" мемлекеттік функциялардағы техникалық іркілістер, артық процестер және ақпараттық жүйелердің жұмысындағы басқа да кемшіліктер себебінен, өз мәселелерін шешудің заңсыз жолдарын іздеуге мәжбүр болуда.
Сонымен қатар, дерекқорлардың әлсіз интеграциясы мемлекеттің проактивті сервистік моделін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыртқы талдау шеңберінде айқындайтын сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жоюға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мүдделілігі әлсіз екені байқалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты әлі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар үшін "өзін-өзі тазартудың" пәрменді құралына айналмады.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың салалық жүйесі ішінде анықталған тәуекелдерге "өңір – орталық" қағидаты бойынша ден қоюдың тиімді тетігі жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пассивтілігі сыбайлас жемқорлық деңгейінің нақты төмендеуіне сенуге мүмкіндік бермейді.
Корпоративтік сектормен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жеткілікті түрде бәсекеге қабілетті болмай отыр.
Мемлекеттік функцияларды орындау кезінде мүдделер қақтығысының алдын алудың тиімді тетігі жоқ.
Қолданыстағы декларациялау жүйесі шығыстар мен алынатын кірістердің айтарлықтай алшақ болу фактілеріне ден қоюдың тиімді құралдарымен тиісті түрде бекітілмеген.
Жымқырылған активтерді іздестіру, оларды бюджетке қайтару мүліктің қылмыстық шығу тегін дәлелдеудің күрделілігіне байланысты екінші орында қалуда.
Алдын алу шаралары, негізінен, мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған. Бұл мұндай қызметшілер болып табылмайтын, бірақ азаматтардың сыбайлас жемқорлық деңгейін түйсінуіне үлкен әсер ететін адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тиімділігін төмендетеді.
Осы тұрғыда мемлекеттік емес сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адал бизнесті қолдау қажеттігі ерекше маңызға ие болады.
Бюджет қаражатын бөлу процесінің жоғары сыбайлас жемқорлықтық осалдығы
Сатып алудың жеткіліксіз айқындығы
Мұндай жағдайларда сатып алу бағасын қолдан көтеру фактілері кең таралады.
Мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары деңгейі
Азаматтық қоғам институттарының мемлекетпен сындарлы өзара іс-қимылы тетіктерінің жетілмегендігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тиімділігі мониторингінің жетілмеген жүйесі
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу
1) қоғамда парасаттылық мәдениетін нығайтуға бағытталған ағарту іс-шараларын жүйелеу;
2) бизнестің парасаттылығын ынталандыру;
5) цифрландыру сыбайлас жемқорлықты барынша азайту құралы ретінде;
6) мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту;
7) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу;
4-бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы
5-бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат:
1) баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік;
2) жариялылық, айқындық және қоғамға есеп беру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалану;
4) сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы;
5) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
7) сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде оны қабылдамау;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау;
9) сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;
10) сапалы цифрлық трансформация қағидаттарына негізделеді.
1) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін жою;
3) жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.
1-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру
Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру
Адалдық, заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылық нанымына айналуға тиіс.
Мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру
Бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу
2-міндет. Сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау
Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту
Бюджеттік қолдаудың экономикалық тиімділігін арттыру
Мемлекеттік қаржылық қолдауға тек сенімді кәсіпкерлік субъектілері ғана жататын болады.
Мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендету
Жария құқықтың заңды тұлғалар институтын енгізу тиімді тетіктердің бірі бола алады.
Сапалы цифрландыру сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы ретінде
Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру
3-міндет. Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру
Бұл ретте тексерушілер тарапынан теріс пайдаланудан қорғау кепілдіктері көзделетін болады.
4-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту
Қоғамдық бақылау институтын дамыту
Қоғамдық бақылауды іске асыру тетіктері қоғамдық кеңестердің қызметімен шектелмейді.
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту
5-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету
"1424" call-орталығы кадрлық және техникалық тұрғыдан озық стандарттарға сәйкес келетін болады.
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
6.1. 2026 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлар:
1) Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі – 47 баллдан төмен емес;
8) елдің ЖІӨ құрылымындағы мемлекеттің экономикаға қатысу үлесінің қысқаруы – 13,9%-дан жоғары емес;
6.2. 2026 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін негізгі нәтижелер:
1) азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барынша тартылуы;
2) ашық және қоғамға есеп беретін мемлекеттік аппарат;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесі;
4) транспарентті бюджеттік процестер және бәсекелес сатып алу;
5) сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартудың әділ жүйесі.
|
Қазақстан Республикасының |
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5; 17.07.2023 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
№ |
Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы |
Аяқтау нысаны |
Аяқталу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Стратегиялық көрсеткіш: Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі, балл: 2022 жылы – 42, 2023 жылы – 43, 2024 жылы – 44, 2025 жылы – 45, 2026 жылы – 47 |
СЖҚІА, ОМО, ЖАО |
|||
1-міндет. Cыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру Нысаналы индикаторлар: өткен 12 айда кемінде бір рет мемлекеттік лауазымды адаммен байланыс жасаған және мемлекеттік лауазымды адамға пара төлеген немесе осы мемлекеттік лауазымды адам пара талап еткен адамдардың үлесі (Орнықты даму мақсаттарының 2030 жылға дейінгі ұлттық индикаторлары тізбесіндегі жаһандық индикатор), пайыз: 2022 жылы – 31,2, 2023 жылы – 29,6, 2024 жылы – 28,3, 2025 жылы – 27, 2026 жылы – 25,3; Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексі (Government Effectiveness), процентиль: 2022 жылы – 62-65, 2023 жылы – 65-68, 2024 жылы – 68-73, 2025 жылы – 74-75, 2026 жылы – 74-75 |
ҰЭМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, МҚІА |
|||
1.1. Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру |
||||
1. |
Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау |
Үкімет қаулысы |
IV тоқсан |
АҚДМ, СЖҚІА, МСМ, ЦДИАӨМ, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҚХА (келісім бойынша) |
2. |
Адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне жемқорлардың жария тізілімін енгізу |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА |
3. |
Құқықтық насихатты азаматтар мен кәсіпкерлерге қолданыстағы құқықтық актілерді түсінікті және қысқа тілде түсіндіре отырып, сондай-ақ белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңды фактілер бойынша цифрлық шешімдерді қолдана отырып, олардың құқықтары туралы нақты хабардар етуді қамтамасыз ету жолымен жетілдіру |
бұйрықтар |
III тоқсан 2023 жылғы III тоқсан |
мүдделі мемлекеттік органдар |
4. |
БҰҰ ЕҚБ-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жаһандық ресурс" бастамасына қосылу мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
I тоқсан |
СЖҚІА, БҒМ |
5. |
Білім берудің барлық деңгейлерінде білім беру бағдарламаларына парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптарын енгізу |
білім беру бағдарламалары |
IV тоқсан |
ҒЖБМ, ОАМ, ЖАО |
6. |
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық/ұлттық стандартты; 2) академиялық адалдық құралдарын енгізу |
ректорлардың бұйрықтары |
I тоқсан |
ҒЖБМ |
1.2. Мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру |
||||
7. |
Мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмыс, оның ішінде: 1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау үшін өлшемшарттарды белгілеу; 2) әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыруы |
ПӘ-ге ақпарат |
IV тоқсан 2024 жылғы II тоқсан |
СЖҚІА, МҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар |
8. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудың үздіксіздігін, дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз ете отырып, оны дамыту |
білім беру бағдарламалары |
IV тоқсан |
МҚІА, ЖС, БП, ІІМ, Қорғанысмині, МБА, Қаржымині |
9. |
Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және реттеуді регламенттеу |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, МҚІА |
10. |
Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын, оның ішінде: 1) әлеуметтік пакетті кеңейту; 2) мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау; 3) өзге де ақы төленетін қызметпен айналысу үшін мүмкіндіктерді кеңейту арқылы арттыру жөніндегі мәселені пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
I тоқсан |
МҚІА, СЖҚІА, ҰЭМ, Қаржымині, БП |
1.3. Бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу |
||||
11. |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде комплаенс-мамандарды даярлау |
білім беру бағдарламалары |
IV тоқсан |
ҒЖБМ, СЖҚІА, ЕХӘҚМ |
12. |
Квазимемлекеттік және жекеше секторлар субъектілерінің қызметіне ISO 37001 немесе ҚР СТ 3049 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын ерікті түрде енгізу |
сәйкестік сертификаты |
2022-2026 жылдар |
СЖҚІА, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, МБА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
13. |
Квазимемлекеттік және жекеше секторлар субъектілерінің қызметкерлерін өтеусіз негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту |
білім беру бағдарламалары |
2022-2026 жылдар |
СЖҚІА, ОМО, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
14. |
"Бизнес-серіктестердің тізілімі" ақпараттық жүйесінің функционалын, оның ішінде: 1) "салық төлеушінің парасаттылық индексі", "қаржылық орнықтылық индексі" және "төлем тәртібінің индексі" индекстерін әзірлеу; 2) "тиісті сақтық" қағидатын енгізу; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы индикаторлармен толықтыру; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ерікті негізде енгізген компаниялардың өнімдерін "таза толқын" ("clear wave") белгісімен таңбалау мәселесін пысықтау; 5) бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингін енгізуді пысықтау; 6) тіркеуден кейінгі бірінші жылы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді сүйемелдеу бойынша функционалды енгізу мүмкіндігін қарастыру арқылы жетілдіру |
пайдалануға беру актісі |
III тоқсан |
"Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), СЖҚІА, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар |
15. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізген және қолдайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдіктер, преференциялар, мемлекеттік сатып алу кезінде шартты жеңілдіктер және басқа да қолдау шараларын енгізу мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
I тоқсан |
СЖҚІА, ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
2-міндет. Сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін болдырмау Нысаналы индикаторлар: мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту, ЖІӨ-ге %-бен: 2022 жылы – 14,7, 2023 жылы – 14,5, 2024 жылы – 14,2, 2025 жылы – 14,0, 2026 жылы – 13,9; Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің "Институттар" индикаторы, орын: 2022 жылы – 58, 2023 жылы – 56, 2024 жылы – 53, 2025 жылы – 50, 2026 жылы – 48 |
ҰЭМ, ЖАО |
|||
2.1. Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту |
||||
16. |
Құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында жалған актілерге мәжбүрлі түрде қол қою тәуекелін болдырмайтын жобалық қаржыландыруды енгізу мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
IV тоқсан |
Қаржымині, ҰЭМ |
17. |
Ұлттық басымдықтарға сәйкес қаржыны мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, оның ішінде: 1) блоктық бюджетті іске асыру шеңберінде "бір қол қою" қағидасын енгізу; 2) көрсеткіштерді есептеудің қолданыстағы әдістемелерін қайта қарау; 3) инвестициялық жобаларды тиісінше мониторингтеу және басқару үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі мәселені пысықтау; 4) сатып алуды өткізуді және бюджет қаражатын алушылар туралы деректерді қоса алғанда, бюджет қаражатын жоспарлау сәтінен бастап игеру сәтіне дейінгі процесті ашық деректердің бірыңғай интернет-порталында жариялау, оның ішінде бюджет қаражатын алушылардың жария тізілімін қалыптастыру; 5) бюджет қаражатын игеру процестерінде "ақшаны бояу" тетігін енгізу |
бұйрықтар ПӘ-ге ұсыныс ашық деректердің бірыңғай интернет-порталындағы жария деректер пайдалануға беру актісі |
IV тоқсан 2023 жылғы IV тоқсан 2022 жылғы III тоқсан 2023 жылғы I тоқсан 2024 жылғы IV тоқсан |
ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА, ЦДИАӨМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар СЖРА ҰСБ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар Қаржымині, ЦДИАӨМ, АҚДМ, ҰЭМ Қаржымині, СЖҚІА, ЦДИАӨМ |
18. |
Әлеуметтік маңызы бар салаларда жан басына шағып қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыру ("ақша адамның соңынан ереді") |
ПӘ-ге ақпарат |
I тоқсан |
ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар |
19. |
Сатып алуда бәсекелестік ортаны күшейту, оған қоса: 1) сатып алынатын тауарларға арналған техникалық ерекшеліктерді стандарттау және біріздендіру үшін тауарлардың бірыңғай каталогын жасау; 2) тауарлар бойынша орташа босату бағасын айқындау; 3) биржалық сауданы кеңейту |
әдістемелік ұсынымдар Заң жобасы |
I тоқсан 2022 жылғы IV тоқсан 2024 жылғы I тоқсан |
Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) СИМ |
20. |
Бір көзден сатып алудың және ерекше тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде өткізілетін сатып алудың құқықтық негіздерін қысқарту (құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін сатып алуды қоспағанда) |
Заң жобасы |
III тоқсан |
Қаржымині, ӘдМ, ҰЭМ, ҰҚК, Қорғанысмині, ІІМ |
21. |
Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуы үшін бірыңғай талаптарды белгілеу мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
І тоқсан |
Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
22. |
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін, оның ішінде оңтайландыру, қайталануды болдырмау және тәуелсіздікті қамтамасыз ету жолымен жетілдіру |
Заң жобасы |
ЖАП, Қаржымині |
|
2.2. Бюджеттік қолдаудың экономикалық тиімділігін арттыру |
||||
23. |
Экономиканың барлық салаларында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау (субсидиялау, кепілдік беру, гранттар беру) шараларының тиімділігін кешенді талдау және тиісті нормативтік құқықтық актілерді тексеру негізінде осы шаралардың экономикалық тиімділігін арттыру |
Заң жобасы |
ІІ тоқсан |
ҰЭМ, СЖРА, БҚДА, СЖҚІА, ЦДИАӨМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын мүдделі мемлекеттік органдар |
2.3. Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін азайту |
||||
24. |
Бәсекесі жеткіліксіз салаларды қоспағанда, мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар ұйымдарға мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына шектеулер енгізу жөніндегі мәселені пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
ІІ тоқсан |
ҰЭМ, Қаржымині, БҚДА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
25. |
Монополиясыздандыру және қолайлы бәсекелес орта құру арқылы мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту (ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты саланы қоспағанда) |
Заң жобасы |
ІІІ тоқсан |
БҚДА, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2.4. Сапалы цифрландыру сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы ретінде |
||||
26. |
Мемлекеттік басқаруды "цифрлық қайта жүктеу": 1) бизнес-процестерді талдау және оңтайландыру; 2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің проактивті форматын дамыту; 3) мемлекеттік қызметтер көрсетудің баламалы нысандарын қысқарту; 4) мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік емес платформалар арқылы көрсетудің электрондық форматын кеңейту |
бұйрықтар |
IV тоқсан |
ЦДИАӨМ, МҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар |
27. |
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын цифрлық трансформация талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптау |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
ЦДИАӨМ |
28. |
Деректердің бірыңғай ауқымына негізделген цифрлық үкіметтің жаңа архитектурасын құру |
пайдалануға беру актісі |
IV тоқсан |
ЦДИАӨМ |
29. |
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою |
бұйрықтар |
2022-2026 жылдар |
ЦДИАӨМ, СЖҚІА |
30. |
Қолма-қол ақшасыз төлемдердің инфрақұрылымын кеңейту |
ПӘ-ге ақпарат |
I тоқсан |
ҰБ, СИМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
31. |
1) медициналық көрсетілетін қызметтерді алу кезінде, әсіресе амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде алушыны QR-кодтау арқылы сәйкестендіру; 2) денсаулық сақтау субъектілерінен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мемлекеттік сатып алу веб-порталына ауыстыру арқылы қамтамасыз ете отырып, оларды цифрландыруды дамыту |
ПӘ-ге ақпарат |
III тоқсан |
ДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2.5. Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру |
||||
32. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі зерттеу орталығын құруды пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
I тоқсан |
СЖҚІА |
33. |
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы, оның ішінде: 1) нормативтік құқықтық актілердің үлгілік және ұқсас жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай сараптаманы; 2) жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы дамыту |
Үкімет қаулысы |
ІІ тоқсан |
СЖҚІА |
34. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдауды, оның ішінде: 1) жобалық тәсілді енгізу; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қағидаларын жетілдіру; 3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жасау, ұсынымдарды талқылау және олардың іске асырылу мониторингі процесіне қоғамдық кеңестерді міндетті түрде тарту; 4) құқықтық мониторинг жүргізу көздерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы және ішкі талдаудың ұсынымдарымен толықтыру; 5) құқықтық мониторинг нәтижелерін қоғамдық кеңестің отырыстарында қарау арқылы дамыту |
бұйрық |
III тоқсан |
СЖҚІА, ӘдМ, ОМО, ЖАО |
35. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт институтын дамыту, оның ішінде: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту бойынша құзырет беру 2) әдістемені бекіту; 3) экономика және мемлекеттік басқару салаларына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бейіндері бар сыбайлас жемқорлық картограммаларын жасау арқылы дамыту |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бұйрық
картограммалар |
IV тоқсан 2024 жылғы IV тоқсан 2025 жылғы
IV тоқсан |
СЖҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері |
3-міндет. Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру Нысаналы индикатор: Дүниежүзілік сот төрелігі жобасының Заң үстемдігі индексі (World Justice Project, Rule of Law Index), балл: 2022 жылы – 0,53, 2023 жылы – 0,54, 2024 жылы – 0,55, 2025 жылы – 0,56, 2026 жылы – 0,57 |
ӘдМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, ЕХӘҚМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, ЖС, БП, ҰҚК, ЕК, СЖҚІА, МҚІА, ДСМ |
|||
36. |
1) "виртуалды сотта" қаралған істердің үлесін одан әрі ұлғайту; 2) сот ісін жүргізуде жасанды интеллектті енгізу (цифрлық талдама) бөлігінде дамыту |
пайдалануға беру актісі |
ІІІ тоқсан |
ЖС, ЦДИАӨМ |
37. |
Парасаттылыққа тексеруді (integrity check) енгізу тетігін пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
I тоқсан |
СЖҚІА, ЖС, БП, ІІМ, ҰҚК, ҚМА; мүдделі мемлекеттік органдар |
38. |
Негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП, ҚМА, ҰҚК, Қаржымині, ӘдМ |
39. |
Шығыстардың алынатын кірістерге сәйкестігі үшін декларацияларды тәуекелге бағдарланған бақылау жүйесін іске асыру |
ПӘ-ге ақпарат |
III тоқсан |
Қаржымині, СЖҚІА, ҚМА |
40. |
Қаржылық тергеп-тексеру институтын "ақшаны қадағалау" ("follow the money") қағидаты бойынша енгізу |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, ҚМА, БП, ҰҚК, ІІМ, Қорғанысмині |
41. |
Параны уәде ету/ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП, ЖС, ҰҚК, ІІМ |
42. |
Мемлекеттік орган, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақыны бопсалауына байланысты қылмыстарды анықтау жөніндегі жұмысты жетілдіру |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП, ІІМ, ЖС |
43. |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП, ЖС, ҰҚК, ӘдМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
44. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА |
45. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауаптылық туралы конвенциясына қосылу мәселесі бойынша заң жобасын енгiзу |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП, ҰҚК, ҚМА, ІІМ, СІМ |
46. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ЭЫДҰ-ның Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды адамдарды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенциясына қосылу мәселесі бойынша заң жобасын енгiзу |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП, ҰҚК, ҚМА, ІІМ, СІМ |
4-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту Нысаналы индикатор: Дүниежүзілік банктің халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі индексі (Voice and Accountability), процентиль: 2022 жылы – 27,5, 2023 жылы – 35, 2024 жылы – 42,5, 2025 жылы – 50, 2026 жылы – 57,5 |
АҚДМ, МҚІА |
|||
4.1. Қоғамдық бақылау институтын дамыту |
||||
47. |
"Қоғамдық бақылаушы" жобалық рөлін ұсына отырып, ұлттық жобаларды, өңірлерді дамыту жоспарларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асырудың қоғамдық мониторингі |
жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну |
2022-2026 жылдар |
ЦДИАӨМ, СЖРА, АҚДМ, Ұлттық жобалық кеңсе, мүдделі мемлекеттік органдар |
48. |
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту |
Қазақстан Республикасын-дағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндамадағы ұсынымдар |
2022-2026 жылдар |
АҚДМ |
49. |
1) азаматтардың түсінуінің ыңғайлы және қарапайым болуын қамтамасыз ету үшін "Ашық деректер" және "Ашық бюджеттер" интернет-порталдарында орналастырылатын ақпараттың форматтары мен сипаттамаларын жетілдіру; 2) "Ашық үкімет" интернет-порталдарының интерфейсін жетілдіру және оларды автоматтандырылған толықтыру |
пайдалануға беру актілері |
ІІІ тоқсан 2022-2026 жылдар |
АҚДМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ ЦДИАӨМ, ОМО, ЖАО |
50. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде журналистердің әлеуетін кеңейту мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
ІІ тоқсан |
АҚДМ, СЖҚІА |
4.2. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту |
||||
51. |
1) "1424" сall-орталығының қызметін жетілдіру; 2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берудің заманауи цифрлық арналарын енгізу |
пайдалануға беру актісі |
ІІІ тоқсан |
СЖҚІА, ЦДИАӨМ |
52. |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу қағидаларын жетілдіру |
бұйрық |
IV тоқсан |
СЖҚІА, Қаржымині |
53. |
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын адамдарды мемлекеттік қорғауды, оның ішінде олардың еңбек ету құқықтарын қорғау, өтініш беруші туралы және ол көрсеткен жәрдем туралы ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру арқылы күшейту |
Заң жобасы |
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП, МҚІА, ЕХӘҚМ |
5-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету Нысаналы индикатор: Дүниежүзілік банктің сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі (Control of Corruption), процентиль: 2022 жылы – 39-41, 2023 жылы – 41-43, 2024 жылы – 43-46, 2025 жылы – 46-48, 2026 жылы – 48-50 |
СЖҚІА, ОМО, ЖАО |
|||
54. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау жүйесін енгізу және оның ішінде: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін бекіту бойынша құзырет беру; 2) әдістемені бекіту арқылы дамыту |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
бұйрық |
III тоқсан 2023 жылғы
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП |
55. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құру |
пайдалануға беру актісі |
ІІІ тоқсан |
СЖҚІА, ЦДИАӨМ |
56. |
Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ПӘ-ге ұсыныс |
ІІІ тоқсан |
СЖҚІА, СЖРА |
Нысаналы индикатор: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке халықтың сенім деңгейі, % (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізетін нәтижелілікті бағалау шеңберінде): 2022 жылы – 64%, 2023 жылы – 64,5%, 2024 жылы – 65%, 2025 жылы – 65,5%, 2026 жылы – 66% |
СЖҚІА |
|||
57. |
Интеграцияланған талдаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына және ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік беру мәселесін, қол жеткізудің нақты негіздерін, алынған деректерді теріс пайдалану мен жария ету және оларды қызметтен тыс мақсаттарда пайдалану мүмкіндіктерін болдырмайтын бақылау тетіктерін белгілей отырып, пысықтау арқылы дамыту |
ПӘ-ге ақпарат |
IV тоқсан |
СЖҚІА, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
58. |
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлін күшейту; 2) әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы,
СЖҚІА мен МҚІА бірлескен бұйрығы |
IV тоқсан 2023 жылғы
IV тоқсан |
СЖҚІА, МҚІА |
59. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үздіксіз процесін енгізу |
біліктілікті арттыру бағдарламалары |
2022-2026 жылдар |
СЖҚІА, БП, МҚІА |
60. |
Цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл |
әдістемелік ұсынымдар |
IV тоқсан |
СЖҚІА, БП, ҚМА, ҰБ |
61. |
Халықаралық ұйымдардың (ГРЕКО, ЭЫДҰ және басқалар) ұсынымдары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ұсынымдары бекіту |
2022-2026 жылдар |
СЖҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ |
- |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
||
"Атамекен" ҰКП |
- |
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
||
ӘдМ |
- |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
||
"Бәйтерек ҰБХ" АҚ |
- |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
||
БҒМ |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
||
БҚДА |
- |
Қазақстан Республикасының Басекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
||
БП |
- |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
||
ГРЕКО |
- |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы |
||
ДСМ |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
||
ЖАП |
- |
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы |
||
ЕХӘҚМ |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
||
ЖАО |
- |
жергілікті атқарушы органдар |
||
ЖС |
- |
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
||
ИИДМ |
- |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
||
Қаржымині
|
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
||
ҚМА |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
||
Қорғанысмині |
- |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
|
||
ҚР СТ |
- |
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты |
||
ҚХА |
- |
Қазақстан халқы Ассамблеясы |
||
МӘМС |
- |
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру |
||
МБА |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы |
||
МҚІА |
- |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
||
МСМ |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
||
ОМО |
- |
орталық мемлекеттік органдар |
||
ПӘ |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
||
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
- |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
||
СЖҚІА |
- |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) |
||
СЖРА |
- |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
||
СЖРА ҰСБ |
- |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
||
СИМ |
- |
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
||
СІМ |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
||
ТМККК |
- |
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі |
||
ҰБ |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
||
ҰҚК |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
||
ҰЭМ |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
||
ЦДИАӨМ |
- |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
||
ІІМ |
- |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
||
ЭЫДҰ |
- |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы |
||
ISO |
- |
International Organization for Standardization |
||
ҒЖБМ |
- |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
||
ОАМ |
- |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
||
|
Қазақстан Республикасы |
|
||
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.07.2024 № 611 Жарлығымен.
"1-бөлім. Кіріспе" деген бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлім. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру" деген бөлімде:
"3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" деген тармақта:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру" деген бөлімде:
"6.1. Іске асыру стратегиясы, басымдықтары мен мерзімдері" деген кіші бөлімде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6.2. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер" деген кіші бөлімде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК