06.06.2022
Ашық аспан астында орыс тілінің жазғы мектебінде сабақ өткені қызықты әрі мазмұнды болды. Бастапқыда оқушылар ырғақты музыкаға жаттығулар жасалды, содан кейін сабақ ойын түрінде өтті. Оқушылар «Әр түрлі сөйлем мүшелері» тақырыбы бойынша білімдерін толықтырды. Балалар картамен жұмыс істеді, орыс тіліндегі «Теңіз шайқасы» интерактивті онлайн ойынына қатысты, сабақтың ортасындағы музыкалық әуен балалардың көңілін аударып, ойынның жаңа кезеңіне бейімделуге көмектесті. Сабақ бойы балалар барлық тапсырмаларды белсенділікпен және қызығушылықпен орындап, сол арқылы білімдерін толықтырды.