Текст
Бүгін М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазу өтті.
Ашық диктант – мемлекеттік тілді білуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат етеді. Аталмыш шара республикалық «Мың бала» жобасының аясында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар «әрбір адам үшін сауатты жазу маңызды» дейді.
Ново-Мариновка негізгі орта мектебінде жергілікті уақытпен сағат 11.00-де басталған шараға мектептің педагогикалық ұжымы мен 9-сынып оқушылары қатысты.