Текст
"Ново-Мариновка ауылының негізгі орта мектебі" КММ Педагог-психологы Лидия Владимировна Стрелкова өзінің авторлық материалын "Білім әлемі" республикалық ғылыми-педагогикалық журналында жариялады.Жарияланымның тақырыбы: "Дағдарыс жағдайында отбасының сындарлы өзара іс - қимылын қалыптастыру " - 10-17 жастағы ата-аналар мен балаларға арналған тренинг. Авторлық материалдарды жинақтарда, журналдарда, білім беру порталдарында жариялаудың бірнеше бағыты бар:-педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық қызметін дамыту;- әріптестерімен инновациялық педагогикалық тәжірибе алмасу;-білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа технологияларды дамыту және қолдау.